Образование
03.11.2026
Кәсіптік бағдар беру кездесуі
М. Қозыбаев атындағы СҚУ-дың агротехнологиялық факультетінің өкілімен кәсіптік бағдар беру кездесуі«№2 Новоишим орта мектебі» КММ- де 11-сынып оқушылары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Агротехнологиялық факультетінің өкілімен өткен кәсіптік бағдар беру кездесуіне қатысты.
Кездесу барысында оқушылар факультеттің білім беру бағдарламалары, мамандықтары, оқуға түсу талаптары және болашақта білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Осындай кездесулер түлектерге болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға және кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.
