Образование
23.10.2026
Менің Республикам – менің мақтанышым!
2026 жылдың 22 қазанында «№2 Новоишим орта мектебі» КММ кітапханашылары Қазақстан Республикасы күніне орай 2–4 сынып оқушылары арасында «Менің Республикам – менің мақтанышым!» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.
Конкурстың мақсаты:
- Оқушылар бойында патриотизм сезімін, Отанға, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалыптастыру;
- Дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету;
- Мәнерлеп оқу және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту.
Жас өлеңсүйер қауым туған жердің сұлулығына, халықтың бірлігіне және Тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне арналған шығармаларды ерекше толқыныспен әрі мақтанышпен оқып берді. Залда мерекелік және шабытқа толы атмосфера орнады!
Конкурстың барлық жеңімпаздары мен белсенді қатысушылары құрмет грамоталарымен марапатталды! Дарынды оқушыларымызды құттықтаймыз және оларға жаңа шығармашылық табыстар тілейміз!
