Образование
21.09.2026
Адал еңбек және жауапкершілік
"№2 Новоишим орта мектебі " КММ-де 2026 жылдың 21 қыркүйек күні 1-11 сыныптарда "Адал еңбек және жауапкершілік" тақырыбына сынып сағаттары өтті.
Сынып сағаттары барысында білім алушылар адал еңбектің маңыздылығын, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті, міндеттерді адал орындауды және басқа адамдардың еңбегіне құрметпен қарауды талқылады.
Оқушылардың бойында еңбекқорлық, жауапкершілік, адалдық және парасаттылық сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.
