Образование
19.09.2026
Су ресурстарына жауапкершілікпен қарау.
2026 жылғы 18 қыркүйекте "№2 Новоишим орта мектебі" КММ су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру бойынша білім алушылар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шаралар барысында оқушыларға судың адам өміріндегі және табиғаттағы маңызы, су ресурстарын ұтымды пайдалану қажеттілігі және олардың ластануына жол бермеу туралы еске салынды.
Оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және су ресурстарын сақтау әр адамның ортақ міндеті екенін түсінуге ерекше назар аударылды.
Бүгін суды үнемдей отырып, біз болашаққа қамқорлық жасаймыз!
