Образование
07.04.2026
«9 ай–9 іс-шара»
2026 жылдың 7 сәуір күні
"Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде және
«9 ай–9 іс-шара» тұжырымдамасы аясында
«N2 Новоишим орта мектебі» КММ-де ерекше іс-шара өтті.
Мектебіміздің дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында
«Шахмат ойнау» челленджі өткізілді.
Аталған челлендждің мақсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зейінін арттыру және бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Іс-шара барысында оқушылар өзара бақ сынап, шеберліктерін көрсетті.
Шахмат–тек ойын ғана емес, ол–ой мен стратегияның үйлесімі.
Осындай шаралар арқылы оқушыларымыздың қызығушылығы артып, жаңа жетістіктерге жетуіне мүмкіндік жасалуда.
